Павлодар облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі кешке дейін жабылды
Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды. |
Павлодар облысы аумағындағы көктайғақ пен қатты желге байланысты бүгін сағат 15:45-тен бері «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Қалқаман» автожолының 104-114 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Аталған жол учаскесі кешкі 19:00-де ашылатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін