Павлодар облысы аумағындағы көктайғақ пен қатты желге байланысты бүгін сағат 15:45-тен бері «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Қалқаман» автожолының 104-114 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Аталған жол учаскесі кешкі 19:00-де ашылатын болады.