Павлодар облысы бойынша балабақша қызметкері болып табылатын жалғыз ер адам балаларды шынықтыру жүйесін қолданысқа енгізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысы бойынша балабақша қызметкері болып табылатын жалғыз ер адам балаларды шынықтыру жүйесін қолданысқа енгізуде

Павлодар облысы бойынша балабақша қызметкері болып табылатын жалғыз ер адам балаларды шынықтыру жүйесін қолданысқа енгізуде

Павлодар облысы бойынша балабақша қызметкері болып табылатын жалғыз ер адам санатындағы Виктор Скворцов балаларды шынықтыру жүйесін қолданысқа енгізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Жан-жақты өсу орталығы" деп аталатын №96 балабақшадан хабарлады. В.Скворцов онда денешынықтыру және суда жүзуден жаттықтырушы болып істейді.

  • 30 Қазан 2003
  • 584
Фото - Caravan.kz

В.Скворцов балабақшаға осыдан 12 жыл бұрын жұмысқа орналасқан. Ол 3-4 жастағы балаларды жүзуге баулып, суық сумен жуыну, қыста қар үстінде жүгіру тәрізді өзі ойлап тапқан шынықтыру жүйесін қолданысқа енгізуде. Балабақша өкілдерінің айтуынша, шынықтыру жүйесімен осындай процедураларға дайын, денсаулығы шымыр балалар ғана айналысады.

58 жастағы В.Скворцов жыл бойы суық сумен жуынып, жеті ай бойы жұмысқа велосипедпен келіп жүр. Алматыдағы денешынықтыру институтын бітірген ол бұған дейін Павлодар индустриялық институтында оқытушы болып істеген, гимнастикадан спорт мастері.

Соңғы жаңалықтар