Павлодар облысы: жеке фирманың қызметкерлері Т3 млн-ның ұрлануын "сахналады" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысы: жеке фирманың қызметкерлері Т3 млн-ның ұрлануын "сахналады"

Павлодар облысы: жеке фирманың қызметкерлері Т3 млн-ның ұрлануын "сахналады"

Павлодар облысының Ақсу қаласының бір фирмасының қызметкері полицияға жүгініп, 30-шы мамыр күні Павлодар-Екібастұз автожолында фирманың автокөлігіне қарақшылық шабуыл жасалып, қылмыскерлер Т3 млн ақшаны алып кетті деп шағым түсірді, деп облыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

«24 жасар ЖШС қызметкерінің айтуынша, беттеріне маска киген үш белгісіз азамат автокөлікке шабуыл жасап, ішінде 160 мың теңгесі, екі ұялы телефоны, 2 млн 737 мың теңгелік алтын бұйымдары бар полиэтилен пакетті тартып алып, тайып тұрған. Оның айтуынша, қарақшылар номерсіз Mitsubishi Pajero автокөлігімен қашып кеткен. Барлық шығыны 2 миллион 897 мың болған», — деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірақ баспасөз қызметінің мәліметтерінше, полицейлер «келіншек пен сол ЖШС-те істейтін 22 жасар жүргізуші, қарақшыларды ойдан шығарып, шабуылды сахналағанын анықтап біліпті».

«Заттай айғақтар алынып, алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер әзірге «ешқайда кетпейтіндігі туралы» қолхатпен босатылды», — деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар