Павлодар облысынан республикадан тыс жерге 2 мыңға жуық адам көшіп, 1600 адам келген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысынан республикадан тыс жерге 2 мыңға жуық адам көшіп, 1600 адам келген

Павлодар облысынан республикадан тыс жерге 2 мыңға жуық адам көшіп, 1600 адам келген

Өткен жылы Павлодар облысынан республикадан тыс жаққа 1996 адам көшіп кеткен,

  • 23 Маусым 2011
  • 342
Фото - Caravan.kz

бұл туралы статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның ішінде 1818 адам — ТМД елдеріне қоныс аударған, олардың 97,6 пайызы Ресейге көшіп барған. 178 адам басқа елдерге көшкен, оның 83 пайызыГерманияға қоныс аударған.

Есесіне, облысқа 1591 адам көшіп келген, оның ішінде 835 адам ТМД елдерінен келген, Ресейден келгендердің үлесі 71 пайыз. Басқа елдерден 756 адам көшіп келген, олардың 87,7 пайызы Моңғолиядан қоныс аударғандар.

Ал Қазақстанның басқа өңірлерінен 3051 адам көшіп келсе, 4875 адам басқа облыстарға кеткен. Көшіп келгендердің 26,4 пайызы Шығыс Қазақстаннан. Ал кеткен павлодарлықтардың 37,7 пайызы Астанаға қоныс тепкен.

Соңғы жаңалықтар