Павлодар облысында 1 мың гектар алқаптағы орман мен сахара өртке шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 1 мың гектар алқаптағы орман мен сахара өртке шалдықты

Павлодар облысында 1 мың гектар алқаптағы орман мен сахара өртке шалдықты

Павлодар облысының Майқарағай орман шаруашылығында 1 мың гектар алқап өрт құшағына оранды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және биоресурстар жөніндегі басқармасының бастығы Николай Руденко хабарлады.

  • 24 Маусым 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Ертіс орманы» мемлекеттік кәсіпорнының Шалдай филиалына қарайтын Майқарағай орман шаруашылығында 22-маусымда басталған өрт 23-маусымда сөндірілді. Өртті сөндіруге 70 адам мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 340 гектар орман алқабы мен 660 гектар сахара зардап шекті.
Қазір оқиға болған жерде тексеру жүргізіліп, өрттің шығу себептері мен шығын көлемі айқындалуда.
«Бұл — облыс ормандарында биыл орын алған екінші ірі көлемдегі өрт, біріншісі сәуір айында Сейтен орман шаруашылығында болып, 1 мың гектардай алқаптағы орман өртенген болатын»,- дейді Н.Руденко.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи қорығы Павлодар облысында 2003-жылдың басында құрылған. Аталмыш резерваттың атқаратын басты функцияларының бірі — орманды қалпына келтіру шараларының көмегімен сирек кездесетін қарағай орманының гендік қорын сақтап қалу болып табылады. Соңғы он жылдың аясында жалпы аумағы 279 мың гектар алқаптағы 40 мың гектар қарағайлы ну өрт және ұрлықпен ағаш кесу салдарынан құрып кетті.

Соңғы жаңалықтар