Үсікке душар болғандардың басым бөлігі облыс орталығында тіркелсе, екі адам Успенский және Шарбақты ауданынан келіп түсті.
Олардың басым бөлігінің қолы мен аяқтары үсіп қалған. Бір адам мас күйінде ауруханаға түссе, тағы бір 20 жастағы жігіт есірткі мөлшерін шектен шығарып жіберу салдарынан көшеде үсіп өле жаздады.
Павлодар қалалық гидрометеорология орталығының болжамы бойынша, облыс аумағында аяз кем дегенде үш күн сақталады. Кей жерлерде сынап бағанасы 33-37 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ауа температурасының шұғыл төмендеуі салдарынан облыстағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Қалаларда жолаушы тасымалы компанияларының жұмысында үзілістер байқалды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпараты бойынша, аймақта жылу және электр энергиясының қамтамасыздығы жүйесінің жұмысында үзіліс болған жоқ.