Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын өндіріп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын өндіріп келген

Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын өндіріп келген

8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген

  • 6 Қазан
  • 7
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген.

Баянауыл ауданында «IBM Gold» серіктестігі осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.

«Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды», — деді прокуратура.

Мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.

«Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді», — делінген хабарламада.

Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданбақ.

Перейти к новостям спорта