Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығынан зардап шегеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығынан зардап шегеді

Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығынан зардап шегеді

[wpcode id="1694287"] Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығы анемиясынан зардап шегеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

  • 8 Желтоқсан 2017
  • 169
Фото - Caravan.kz


Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығы анемиясынан зардап шегеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина айтты. — Басты мәселе жоғары және бірінші сортты ұнды фортификациялауға келіп тіреледі, — деді Ирина Сорокина. — Өңірде мұндай ұн «Интер» және «Ұлан» диірмендерінде ғана шығарылады. Осы мәселеге қатысты апта сайын мемлекеттік органдармен, өндірушілермен кездесу өткізіледі. Оның айтуынша, әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандарында байытылған ұн қандай мөлшерде тұтынылатындығына сараптама жүргізілген. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласында 27 пайызы ғана темірмен байытылған ұн қолданатыны анықталған. Бұл мәселені шешу үшін өндірушілерге құны екі мың доллар тұратын қосымша жабдық сатып алу керек. Облыс әкімі Болат Бақауов өзінің орынбасары Бауыржан Қасеновқа бидай өндіру кәсіпорындарымен жиын өткізуді және 2018 жылдың бірінші тоқсанында мәселені шешуді тапсырды. Еске сала кетейік, Павлодар облысында астық өңдейтін 21 кәсіпорын мен 18 ұн тартатын мекеме 2016 жылы 16176 тонна бірінші және жоғары сұрыпты ұн өндірген. Оның 1,5 пайызы (254 тонна) — фолий қышқылы және темірмен байытылған ұн.

 

Соңғы жаңалықтар