«Павлодар облысының Ақсу ауданы Еңбек ауылында АІІБ-ның криминалдық полициясының қызметкерлері 21 жастағы жұмыссыз тұрғынды құрықтады,- деп хабарлайды ақпарат көзі.
Оған 2008 жылдың 23 наурызында Павлодар облысының Ақсу ауданы Қазалы ауылының маңында Ж.Муса атындағы колледждің 2 курсында оқитын 17 жастағы қызды жаңжал барысында буындырып өлтірді деген айып тағылуда. Жәбірленушінің мәйітін қылмыскер қылмыстың ізін жасыру үшін далада көміп тастаған жерінен жергілікті тұрғындар 2008 жылдың 13 маусымында тауып алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті