Павлодар облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті

Павлодар облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті

Алматы. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-дегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Павлодар облысының Ақсу ауданы Еңбек ауылында АІІБ-ның криминалдық полициясының қызметкерлері 21 жастағы жұмыссыз тұрғынды құрықтады,- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Оған 2008 жылдың 23 наурызында Павлодар облысының Ақсу ауданы Қазалы ауылының маңында Ж.Муса атындағы колледждің 2 курсында оқитын 17 жастағы қызды жаңжал барысында буындырып өлтірді деген айып тағылуда. Жәбірленушінің мәйітін қылмыскер қылмыстың ізін жасыру үшін далада көміп тастаған жерінен жергілікті тұрғындар 2008 жылдың 13 маусымында тауып алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар