Павлодар облысында 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 60 процентке азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 60 процентке азайды

Павлодар облысында 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 60 процентке азайды

Павлодар облысында 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында ресми тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60 процентке азайып 11464 адам болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 548
Фото - Caravan.kz

Ресми жұмыссыздардың 54,3%-ін ауыл тұрғындары иемденеді. Облыс бойынша шектеулі көлемдегі еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 3%-ті, ал ауылда 4,2%-ті құрады.

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Павлодар облысында 3879 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жоспардың 51%-ін иемденеді. Соның ішінде ауылда құрылған жұмыс орындары жоспардың 52,8%-ін құрап, 2450 тұрақты және 633 әлеуметтік жұмыс орындары пайда болды. Сонымен бірге 2571 уақытша және маусымдық жұмыс орындары құрылды, оның 2163-і ауылдық жерлерде .
Тұрғындарды жұмыспен қамту мекемелері жұмыссыздарды еңбекке тарту мәселесі бойынша 1595 кәсіпорын және ұйыммен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісім шартына қол қойды. Тағы да 712 келісім қол қою сатысында. Осындай шаралардың арқасында өткен мерзімде барлығы 8449 адам (жоспардың 54,2%-і) , соның ішінде 3863 адам жаңа жұмыс орнына, 3953 адам бос жұмыс орнына, соның ішінде ауылда 1740 адам жұмысқа орналастырылды. 633 адам әлеуметтік жұмысқа қамтылды, оның 486-сы ауыл тұрғыны.
Сондай-ақ, жұмыссыз 2571 адам уақытша маусымдық жұмыспен қамтылды. Олардың арасында отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін кедей отбасынан 820 адам бар.
Жалпы алғанда отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін кедей отбасылардан 2743 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа тартылған 7357 жұмыссыздың (жоспардың 76,6%-і ) 4070-і кедей отбасылардан, 2797-сі отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тақыр кедейлердің қатарынан.
Жыл басынан бері 426 жұмыссыз кәсіби дайындыққа жіберілді, оның 148-і ауыл тұрғыны.