Павлодар облысында 2003-жылы орташа жалақы 9,7 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 2003-жылы орташа жалақы 9,7 процентке өсті

Павлодар облысында 2003-жылы орташа жалақы 9,7 процентке өсті

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Павлодар облысында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа жалақы 21168 теңгені, немесе 109,7 процентті құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2003
  • 595
Фото - Caravan.kz

Ең жоғары жалақы көлемі қаржы саласында — 29349 теңге, өнеркәсіп саласында — 28778 теңге, көлік және байланыс саласында — 27195 теңгені құрады. 8411 теңгені құрайтын ең төменгі жалақы ауылшаруашылығында тіркелді.

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында облыстық кәсіпорындардың қызметкерлер алдындағы жалақы берешегі 1331,1 млн. теңгені, соның ішінде мерзімі 3 айдан асқан жалақы берешегі 114,4 млн. теңгені құрады. Берешектің 90 проценті Павлодардағы ірі кәсіпорындардың үлесінде : «Павлодар химия зауыты» ААҚ, «Қазақстантрактор» ААҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» ААҚ, «Дархан» ЖШС, «Павлодарэнергосервис» ААҚ. Ауылдық кәсіпорындардың қызметкерлер алдындағы берешегі облыс аумағында 2,9 процентті құрайды.
1-қыркүйектегі жағдаймен, облыста 11389 әлеуметтік аз қамтылған отбасы тіркелді.
2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында 12197 кедей отбасына 344,1 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. Сондай-ақ, 9804 кедей отбасына 53,5 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі берілді. 16 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар 365 отбасына 4,9 млн. теңгенің материалдық көмегі бөлінді.
Жыл басынан бері облыстық бюджеттен 37897 отбасына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде төлеуге 310690 мың теңге бөлінді.
2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бойынша 95258 адам әртүрлі әлеуметтік көмек түрлеріне ие болды, бұл мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 735839,5 мың теңгені құрады.
2003-жылғы облыстық бағдарламада тұрақтылық пен халықтың жоғары әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған алты қадамның бірі ретінде тұрғындардың жағдайын жақсарту белгіленген. Сондай-ақ, бұл бағдарламада кедейлікпен күрес, білім беру және денсаулық сақтау саласының сапасы мен арзандығын қамтамасыз ету, көлік және коммуникацияны дамыту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру көзделген.
Павлодарда шамамен 800 мың адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар