Павлодар облысында 2004-жылы жасақшылардың көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 2004-жылы жасақшылардың көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

Павлодар облысында 2004-жылы жасақшылардың көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

Павлодар облысында 2004-жылы ерікті жасақшылардың көмегімен полиция 70 қылмыстың бетін ашты. Сондай-ақ, жасақшылар түрлі әкімшілік заң бұзу әрекеттеріне байланысты тексеру үшін полиция бөлімшелеріне 1600-дей адамды жеткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан хабарлады.

  • 2 Наурыз 2005
  • 491
Фото - Caravan.kz

ІІБ-ның мәліметі бойынша, 2004-жылы тәртіп бұзушылар мен қылмыскерлерді құрықтауға тікелей атсалысқан 472 жасақшы марапатталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 2,3 млн. теңге бөлінді.

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы ерікті жасақшылар 10 жылдай үзілістен кейін 2003-жылы қайтадан іске кірісті. Бұл салада Екібастұз алда келеді. Мұнда жергілікті ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлері арасынан 80 жасақшы күн сайын қала көшелеріне шығады. Сондай-ақ, бұл қалада 7 студенттік шұғыл құрама отряд жұмыс істейді. Павлодарлық жасақшылар аптасына үш мәрте күзетке шықса, Ақсулықтар демалыс күндері жұмыс істейді.
Облыстың ауылдық жерлерінде де жергілікті тұрғындар малды ұрлықтан қорғау үшін «Сарбаздар» атты топтар құрған. Қазір осындай топтар 22 ауылдық округте жұмыс істейді. Ауылдық биліктің шешімімен «Сарбаздардың» еңбегі жұмыспен қамту орталықтары арқылы қаржыландырылады. Кейбір ауылдардағы малшаруашылығы фермалары мен мал отарларын жергілікті тұрғындар топ құрып ақысыз күзетеді. Облыста қазір осындай 40 шақты топ бар.
Павлодар облысында барлығы 750 мыңдай адам тұрады, олардың 317 мыңы — ауыл тұрғындары.

Перейти к новостям спорта