Автокөлікпен жүк тасымалдайтын кәсіпорындар 2004-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 842,2 мың тонна жүк тасыды. Бұл 2003-жылғыдан 37,3 процентке кем. Жалпы алғанда өткен жылы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі транспорттық емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған көлемді қоса есептегенде 52,2 млн. тоннаны құрады. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 12,1 процентке артық. «Жалпы автотасымалы аясында автотранспорттық кәсіпорындардың үлесі 2 процентті құрайды»,- дейді статистикалық басқармадағылар.
2004-жылы магистралдық құбыр жүйелерімен 9,6 млн. тонна мұнай өнімдері айдалды, бұл 2003-жылғы көлемнен 6,8 процент төмен.
Навигация маусымында өзен транспортымен 82,8 мың тонна жүк тасымалданды.
2004-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстағы транспорттық құралдармен 550,3 млн. жолаушы тасымалданды. 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда өзен транспортымен жолаушы тасымалдау көлемі 27,9 процентке, таксимен тасымалдау көлемі 10,5 процентке, автобуспен тасымалдау көлемі 9,5 процентке, трамваймен тасымалдау көлемі 0,5 процентке артты, деп хабарлайды статистикалық басқармадағылар.