Павлодар облысында 27-қыркүйекте Рихтер өлшемімен 1,5 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 27-қыркүйекте Рихтер өлшемімен 1,5 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді

Павлодар облысында 27-қыркүйекте Рихтер өлшемімен 1,5 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді

Павлодар облысында 27-қыркүйекте Астана уақытымен 18 сағат 35 минутта Рихтер өлшемімен 1,5 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Саин Каменов хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 459
Фото - Caravan.kz

Нақтыланған дерек бойынша, жер сілкінісінің ошағы Ресей Федерациясының Алтай аймағы Бийск қаласынан 250 шақырымда орналасқан. 27-қыркүйекте Астана уақытымен 18 сағат 35 минутта сілкініс ошағында Рихтер өлшемімен 1,5 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді.

«Теорияға сәйкес, Павлодар облысындағы жер асты дүмпулерінің күші 3,5-4 баллдан аспайды деп саналғандықтан Павлодар қаласы мен облысындағы ғимараттар 4 баллдан астам жер асты дүмпуіне есептелген. Осыған байланысты біз қалыпты тәртіппен жұмыс істедік, ахуал қандайбір төтенше шара қолдануды талап еткен жоқ»,- дейді Саин Каменов.
Жер асты дүмпулері кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындары далаға қашып шығып, кейбірі бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін далада жүрген.
Сондай-ақ, 28-қыркүйекте Астана уақытымен түнгі сағат 2-де Павлодар тұрғындары тағы да жер асты дүмпуін сезінген. Көп қабатты үйлердің көптеген тұрғындары далаға қашып шыққан. Алайда, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметіне сүйенсек, дүмпу тіркелген жоқ.
«28-қыркүйекте Астана уақытымен түнгі сағат 2-де жер сілкінісінің ошағы- Ресей Федерациясында 3,5-4 баллдық жер асты дүмпулері қайталап тіркелді. Сол себепті, теория жүзінде, Павлодар облысында жер асты дүмпулері мүлдем сезілуге тиіс емес»,- деп түсіндірді Саин Каменов.

Соңғы жаңалықтар