Павлодар облысында 3 адамды өлтірген жүргізуші кепіл ақшамен босап шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 3 адамды өлтірген жүргізуші кепіл ақшамен босап шығуы мүмкін

Павлодар облысында 3 адамды өлтірген жүргізуші кепіл ақшамен босап шығуы мүмкін

Павлодар облысында адам өліміне себепші болған жүргізуші кепіл қойып түрмеден босап шығуы мүмкін.

  • 11 Мамыр 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, күдікті кепіл қойғанға дейін қамауда болады.

«Біз сотқа оны қамауға қатысты өтінішхат жаздық. Бірақ соңғы шешімді судья қабылдайды», — деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция өкілдері қазіргі сәтте күдіктінің қамауда отырғанын айтты. Сондай-ақ, Павлодар облыстық соты да күдікті 500 АЕК (1,2 млн теңге) көлемінде кепіл төлемейінше қамауда болатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, үш адамның өмірін қиған, соның ішінде екі айлық сәбидің өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Марқұмдардың туыстары сот әділ шешім шығарады деген үмітте.

Оқи отырыңыз:

«Ет жемегеніме 1 жыл болды»: Тәжікстан халқының 30% аш отыр 

«Басын айналдырып алған»: Танымал әзілкеш өзінен кіші жігітке тұрмысқа шықты 

Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды
 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар