Жарияланды: 320

Павлодар облысында 4 мың тұрғын боран салдарынан сыртқы өмірмен байланыс үзді

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы бірқатар ауылдар боран салдарынан күре жолдардан қол үзіп қалды.

«Облыстың оңтүстік батысында солтүстікке қарағанда соншалықты қалың қар түспегенімен, соңғы күндері соққан бораннан негізгі тас жолдарда күрте қарлар пайда болып, ауданның төрт ауылын сыртқы байланыстан үзді. Ол жаққа ауыр техникасыз жету қиын», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық төтенше жағдайлар департамент інің ескерту бөлімінің басшысы Игорь Ермолаев мәлімдеді. Қазір жолдарды тазартуға «Богатырь» көмір кен орнының басшылығы бөлген техника жұмылдырылған. Ол проблема бір күн ішінде шешілетінін айтады. Бұл ауылдардың тұрғындары ешқандай тұрмыстық тауқымет тартып отырған жоқ. Ауылдарда жарық бар, балалар мектепте оқып жүр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін