Павлодар облысында 62 жастағы қария жерлесінен 10 мың доллар мен үш жылқы бопсалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 62 жастағы қария жерлесінен 10 мың доллар мен үш жылқы бопсалаған

Павлодар облысында 62 жастағы қария жерлесінен 10 мың доллар мен үш жылқы бопсалаған

Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 199
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысында арнайы іс-шара өткізу барысында бопсалау қылмысын жасады деген күдікпен 62 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға Шарбақты ауылының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, бөтен азамат одан үш бас жылқы және 10 мың АҚШ долларын күш көрсете қорқытып алған. — Осы арыз бойынша шұғыл тергеу және арнайы іс-шаралар басталды, — деді баспасөз қызметінде.

— Желтоқсан айының бірі күні күдіктінің талабы бойынша арызданушы оған жылқыларды берген, ал бірнеше күннен кейін талап етілген ақшалай қаражаттың жартысын, яғни 5 000 АҚШ долларын әкеп берген. Оны беру кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы «бопсалау» фактісі бойынша тергеу басталды. Сотпен күдіктіні қамауға рұқсат етілді.

Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды. Оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде алдында арызданушының табалы бойынша берілген жылқылар анықталды.