Павлодар облысында астан уланып ауруханаға түскендер саны 94 адамға жетті, олардың 37-сі балалар - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында астан уланып ауруханаға түскендер саны 94 адамға жетті, олардың 37-сі балалар

Павлодар облысында астан уланып ауруханаға түскендер саны 94 адамға жетті, олардың 37-сі балалар

Павлодар облысында кондитерлік өнімдерден уланып ауруханаға түскендер саны 94 адамға жетті, олардың 37-сі балалар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан уланған алғашқы адам 28-қарашада жатқызылған. Павлодардағы Крупская көшесі, 76-үйде орналасқан кондитерлік цехта өндірілген «Балдан жасалған» және «Ұлу» атты тәтті тоқаш өнімдерін тұтыну адамдарды жаппай улануға апарып соқты.

Қазіргі жағдаймен цех жабылып, өнімдері сауда нүктелерінен алынды. Кондитерлік цех пен зардап шеккендерден алынған бактериологиялық зерттеулердің қорытындысы 2-желтоқсанда дайын болады деп күтілуде.
Бүгінгі жағдаймен ауруханада 57 ересек адам мен 37 бала жатыр. 19 адамның, соның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр, 75 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Зардап шеккендер арасында Павлодар қаласы мен Павлодар ауданы тұрғындарымен бірге Успенск мектеп-интернатының 20 тәрбиеленушісі де бар. Олар бүгін түнде Павлодарға жеткізілді.
Зардап шеккендерге инфекциялық гастроэнтероколит, сальмонеллез деген алдын-ала диагноз қойылды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы зардап шеккендер санының арту мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Перейти к новостям спорта