Павлодар облысында аудандық әкімдіктің қызметкері Т400 мың жымқырғаны үшін сотталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында аудандық әкімдіктің қызметкері Т400 мың жымқырғаны үшін сотталып жатыр

Павлодар облысында аудандық әкімдіктің қызметкері Т400 мың жымқырғаны үшін сотталып жатыр

Павлодар облысының Ақтоғай аудандық сотында Т400 мың жымқырды деп айыпталған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығына қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 12 Шiлде 2011
  • 339
Фото - Caravan.kz

Іс материалдарына сәйкес, шенеунік қызмет бабын пайдаланып, біреудің мүлкін иеленді және қызметтік құжаттарды қолдан жасады деп айыпталып отыр.

«Айыптаудың болжамына сәйкес, сотталушы ат спортының түрлері бойынша жарысқа қатысқан командаға қызмет көрсетуге бензин мен төлем ведомостерін есептен шығаруға өтірік ресми құжаттар, нақты айтқанда, жалған актілерді ұсынған», – деп хабарлайды Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу қорытындысына сәйкес, тамақтануға, іссапар шығындарына, команданың жолына кеткен ақша сомалары көбейтіліп көрсетілген жалған ведомостерді сотталушы бөлім бухгалтеріне беріп, құжатты өзі бекітіп отырған.

Соңғы жаңалықтар