Павлодар облысында аумақтық қорғаныс құрылымдарының жаттығулары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында аумақтық қорғаныс құрылымдарының жаттығулары басталды

Павлодар облысында аумақтық қорғаныс құрылымдарының жаттығулары басталды

Павлодар. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында аумақтық қорғаныс құрылымдарының жаттығулары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаментке сілтеме жасай отырып.

  • 14 Тамыз 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, жаттығуларға запастағы 45 жасқа дейінгі әскери міндеткерлер жұмылдырылған. Бүгін полигонда негізгі арнайы тактикалық жаттығулар өтуде. Резервтегілер мемлекеттік шекара арқылы өңір аумағына енген бандалық құрылымдарды қарусыздандыруға дағдылануда.

«Бұл жоспардағы әскери-тактикалық жаттығулар болып табылады. Олардың басты мақсаты — ерекше жағдай туындаған кезде запастағы әскери қызметкерлердің әскери дайындығын арттыру», — деп атап көрсетті Павлодар облыстық қорғаныс департаментінің директорының бірінші орынбасары, подполковник Геннадий Улицкий. Оның айтуынша, жаппай қарулану кезінде резервтегілер тіршілікті қамтамасыз ететін негізгі нысандарды күзетумен және басқа да міндеттермен айналысады. Олардың қатарында әскери мақсаттар да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар