Павлодар облысында ауылдық округ әкімінің жалған құжаттар пайдаланғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында ауылдық округ әкімінің  жалған құжаттар пайдаланғаны анықталды

Павлодар облысында ауылдық округ әкімінің жалған құжаттар пайдаланғаны анықталды

АСТАНА. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодар облысы Қашыр ауданы Березовский ауылдық округі әкімінің жоғары білім жөніндегі жалған құжаттар пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

  • 4 Желтоқсан 2006
  • 468
Фото - Caravan.kz

Мәселен, ҰҚК ақпаратына сәйкес, ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметке орналасқан кезде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітіргені туралы дипломды көрсеткен, бірақ ол аталмыш оқу орнында мүлдем оқымаған.

Сот әкімшіліктерінің бір сот үкімін орындатушысы да осындай қылмыс жасап, Павлодар мемлекеттік университетін бітіргені туралы жалған құжатпен жұмысқа орналасқан. Бұл деректі ҰҚД-нің Павлодар облыстық департаменті тексеру барысында анықтады.

Қазірде ауылдық округ әкімі мен сот үкімін орындатушының үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің жалған құжаттар пайдалану жөніндегі 325-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта