Павлодар облысында авиабомба табылды
Павлодар облысының Екібастұз қаласында жергілікті тұрғын Сәтпаев ат. каналдан авиабомбаға ұқсас зат тауып алды, деп хабарлайды ТЖМ. |
Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, жарақ өткен дүйсенбі күні кешке 2-ші және 3-ші сорғыштың арасынан табылған. Арнайы шаралар барысында оның диаметрі 35-40 см, ұзындығы 80 смавиабомба екені анықталды, делінген ақпаратта.
ҚР қорғаныс министрлігінің саперлары келгенше бомба табылған орынды ҚР ІІБ қызметкерлері қоршауға алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін