Павлодар облысында бес бала сынап буымен уланып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында бес бала сынап буымен уланып қалған

Павлодар облысында бес бала сынап буымен уланып қалған

Павлодар облыстық балалар ауруханасына улану белгілері бар 2 жастан 14 жасқа дейінгі бес бала түсті. Олардың барлығы - туған ағайындылар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  • 16 Қараша 2015
  • 1020
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың хабарлауынша, балалардың әкесі ұзақ мерзім бойы қатерлі ісікті сынаппен емдеп келген.

«Туған-туысқандары таныстарының кеңесі бойынша онкологиялық ауруға шалдыққан ер азаматты сынап буымен емдеген. Ол бір ай бойы сынапты үш рет қайнатқан. Сол кезде үйде балалар да болған. Химиялық зат сынап бағанасынан алынған. Дертке шалдыққан адам көз жұмды. Оның 44 жастағы ағасы полиция алдында түсініктеме берді. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексі 114-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалды. Аталмыш іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Іс сотқа дейін жетсе, зардап шеккен отбасының туысына екі жылға дейін бас бостандығына шектеу қою және 2000 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін», — дейді Б. Мағзұмова.

Дәрігерлердің мәліметінше, балалар ауруханаға әлсіз күйде түсіп, сүйектерінің қатты ауырғанына шағымданған.


«Балалардың барлығы антидотты терапия алады. Олардың биологиялық сұйықтығы — қан, несеп және шашы Қарағанды қаласы еңбек және кәсіби патология ұлттық гигиена институтына жіберілді. Сараптамалармен жұмыс жасалуда. Қорытындысы бойынша нақты диагноз қойылады. Улану мөлшері анықталды», — дейді облыстық балалар ауруханасы соматикалық бөлімінің меңгерушісі Ольга Ким. 

Соңғы жаңалықтар