Павлодар облысында бір аптада төрт адам үсіп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында бір аптада төрт адам үсіп өлді

Павлодар облысында бір аптада төрт адам үсіп өлді

Соңғы бір аптада Павлодар облысында төрт адам үсіп өлсе, тағы бір кісі аурухананың реанимация бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қаңтар 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Павлодарда соңғы бір апта бойы ауаның температурасы 28-30 градус аязды көрсету салдарынан үсігендер саны көбейді.

Облыстық ІІБ-ның мәліметі бойынша, Екібастұз ауруханасында қол-аяғы үсіп қалған 28 жастағы әйел қайтыс болды. Ал Қашыр аудандық ауруханасында 71 жастағы кейуана үсіктен қаза тапты.
Сондай-ақ, облыстық ауруханаларда тағы да екі еркек үсіктен мерт болды, әзірге олардың аты-жөні анықталмай отыр.
2-қаңтарда Павлодардағы №1 ауруханаға Кенжекөл ауылының 70 жастағңы тұрғыны «ағзасы жаппай, ал қол-аяғы 2-3 дәрежелі үсікке шалдыққан» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол реанимацияда жатыр.

Перейти к новостям спорта