Павлодар облысында бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Павлодар облысында бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттай бастады

Павлодар облысында бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттай бастады

 Қыркүйек айының басынан бері Павлодар облысында бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттай бастады,

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, 3-қыркүйекке дейін қант 10,4% яғни, 163 теңгеден 180 теңгеге, тауықтың сан еті 7,1%, яғни, 420 теңгеден 450 теңгеге, жұмыртқа 4,5%, яғни, 110 теңгеден 115 теңгеге, күріш 3,7% яғни, 190 теңгеден 197 теңгеге, өсімдік майы 2%, яғни, 250 теңгеден 255 теңгеге, 1-сұрып ұны 1,5% яғни, 67 теңгеден 68 теңгеге қымбаттады.
Ағымдағы бағам – 241,15/$1.
Аймақта бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорындағы азық-түлікті сату басталды.
Дегенмен, негізгі тағам түрлерінің бағасы қымбаттаған жоқ, делінген хабарламада.
Аудандардағы тұтынушылар базарындағы азық-түлік бағасы мониторингтен өткізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша, тұрмыстық техниканың бағасы (6-15%), жуу құралдары 15-20%, тасымал қызметі 9,9%, шаштараз қызметі 0,6%, қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметі 1,2% қымбаттады.
Бағасы бақыланатын әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің басым бөлігі облыс аумағында өндіріледі (нан-бөлке өнімдері, сүт өнімдері т.б.). Соған байланысты жергілікті өнім өндірушілер өндіріс көлемін арттыру туралы ұсыныс жасады.
Сонымен қатар, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аймақтық департаменті  «бағаны негізсіз көтерген сауда нысандарына шара қолдануға» кірісті.

Соңғы жаңалықтар