Павлодар облысында браконьерлерден радиоактивті жарты тонна балық алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында браконьерлерден радиоактивті жарты тонна балық алынды

Павлодар облысында браконьерлерден радиоактивті жарты тонна балық алынды

Павлодар облысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық шашу» ОПШ барысында браконьерлерден 0,5 тонна балық алды. Ал ол балық радиоактивті болып шықты», - деп Паводар облыстық табиғатты қорғау полициясының бөлім бастығы Қуандық Байболов хабарлады.

  • 7 Маусым 2011
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Ақсу аймағының Пограничник селосының маңында «Фольксваген пассат» көлігі ұсталды. Оны 54 жасар Екібастұз тұрғыны айдап бара жатты. Көлік салонында 450 кг тұқы балық пен табан балық болды», — деді Қ. Байболов ҚазТАГ тілшісіне дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, ветеринарлық сараптама балықтардағы радиациялық фонның екі есеге артық екендігін көрсетті. «Олар балықты Ақсу қаласының тастанды суынан пайда болған көлден ұстапты. Бұл көлден балық аулауғы мүлдем тыйым салынған», — деді табиғатты қорғау полициясының бастығы.

Қазір полиция көлік иесі балықты не үшін ұстағанын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесіне қарап процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар