Павлодар облысында егіс алқаптарының 66%-ына тұқым себілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында егіс алқаптарының 66%-ына тұқым себілді

Павлодар облысында егіс алқаптарының 66%-ына тұқым себілді

Павлодар облысында биылғы егіс науқаны барысында егіс алқаптарының 66%-ына тұқым себілді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

  • 27 Мамыр 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні 853,4 мың гектардың 562,3 мың гектарына дән түсті, бұл жоспарланған көлемнің 66 % құрайды», — деп мәлім етті ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов жұма күні облыс әкімдігіндегі кеңейтілген отырыста.

Оның мәліметтеріне сәйкес, биыл ауыл шаруашылық дақылдары 1078,1 мың га жерге егіледі, бұл өткен жылғы көлемнен 68,2 мың гектарға көп. Дәнді дақылдардың алқабы 69,8мың гектарға ұлғайды. Соның ішінде, бидай алқабы 69,6 мың гектарға кеңейді. Мал азығына арналған шөп 6,1 мың гектарға көп егіледі, картоп пен көкөніс алқаптары да біршама ұлайды. Майлы дақылдар 230,7 мың гектарға егіледі.

Дәнді дақылдар 296,9 мың гектарға немесе жоспарланған көлемнің 53%-ына егілді. Ақсу ауылдық аймағында (31%), Екібастұздың ауылдық аймағында, Ертіс, Баянауыл, Май аудандарында егіс науқанының қарқыны төмен», — деді Б. Қасенов.

Кейбір аудандардың жоспардан кешігуіне қарамастан, аймақта дәнді дақылдар егу жұмыстарын 1-2 маусымда, жарма дақылдарын егу маусым айының алғашқы онкүндігінде аяқтау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар