Павлодар облысында екі бала трактордан құлап ауыр жарақаттану салдарынан бір бала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында екі бала трактордан құлап ауыр жарақаттану салдарынан бір бала қайтыс болды

Павлодар облысында екі бала трактордан құлап ауыр жарақаттану салдарынан бір бала қайтыс болды

Павлодар облысында екі бала трактордан құлап ауыр жарақаттану салдарынан бір бала қайтыс болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бірінші қайғылы оқиға Равнополь ауылында болды. МТЗ-80 тракторының кабинасында отырған екі жасар қызды ата-анасы қараусыз қалдыру салдарынан бала трактор кабинасынан құлап қалған. Басынан жарақаттанып таяу жердегі ауруханаға жеткізілген қыз бас сүйегі сынып, миына ақау келуге байланысты ауруханада қайтыс болды.

Ал тағы бір қайғылы оқиға Құркөл ауылында болды. МТЗ-80 тракторының сүйретпесінде келе жатқан 8 жасар ұл сүйретпеден құлап, көлік доңғалағының астына түсіп қалған. Оқыс оқиға салдарынан көк бауыры мен бауыры үзілген бала ауруханаға жатқызылды .

Соңғы жаңалықтар