Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, әкесі трактордан шығып үлгерген, ал оның ұлын құтқарып алу мүмкін болмады. «Қазір оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр. Олар қаза тапқан жігіт пен тракторды іздестіруде»,- дейді судан құтқару қызметіндегілер.
Құтқарушылардың айтуынша, облыстың бұл ауданында Ертіс арқылы қысқы өткел ашылған жоқ. Өйткені, мұздың қалыңдығы 15-25 см ғана.