Жарияланды: 450

Павлодар облысында Ертістің ескі арнасын тазарту қолға алынды

Павлодар облысында қаншама жылдар қараусыз қалған Ертіс өзенінің ескі арнасын тазарту жұмыстары басталды.

"Бұл жобаның экологиялық және экономикалық мақсаты бар. Бір жағынан бұл су жағалауындағы табиғаттың алуан түрлілігін сақтауға, екінші жағыцнан облыстың басты "бақшасы" - Черноярка ауылын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Нұрлан Нәбиев мәлімдеді. Оның айтуынша, ескі арнаны тазарту Ертістің су арнасының бағытын өз қалпына келтіреді. Осы мақстатта облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінген. Қалпына келтіретін ескі өзен арнасының қашықтығы - 3,9 км, 4 метр тереңдікте жүргізіледі. Тендерден ұтқан "Павлодар өзен порты" АҚ бұл жұмысты қысқа дейін аяқтамақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін