Павлодар облысында Ертістің ескі арнасын тазарту қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Ертістің ескі арнасын тазарту қолға алынды

Павлодар облысында Ертістің ескі арнасын тазарту қолға алынды

Павлодар облысында қаншама жылдар қараусыз қалған Ертіс өзенінің ескі арнасын тазарту жұмыстары басталды.

  • 16 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Бұл жобаның экологиялық және экономикалық мақсаты бар. Бір жағынан бұл су жағалауындағы табиғаттың алуан түрлілігін сақтауға, екінші жағыцнан облыстың басты «бақшасы» — Черноярка ауылын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Нұрлан Нәбиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ескі арнаны тазарту Ертістің су арнасының бағытын өз қалпына келтіреді.
Осы мақстатта облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінген.
Қалпына келтіретін ескі өзен арнасының қашықтығы — 3,9 км, 4 метр тереңдікте жүргізіледі. Тендерден ұтқан «Павлодар өзен порты» АҚ бұл жұмысты қысқа дейін аяқтамақ.

Соңғы жаңалықтар