Жарияланды: 390

Павлодар облысында ет өнімдеріне бөлшек сауда бағаларын тұрақтандыру бағдарламасы дайындалды

Ауыл шаруашылық басқармасы жасап шығарған бағдарлама Павлодар облысындағы ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға және оның коммерциялық базарлардағы бағасын бір межеде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ол әкімдікте аймақ басшысы Бақытжан Сағындықовтың қатысуымен өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің тұрақты қорын қалыптастыруға арналған кеңес барысында ұсынылды. Жоспарланып отырғандай, тұрғындардан үш мың бас ірі қара жас мал алынып, олар үздіксіз семіртуге қойылады. «Бағдарламаға қатысуға қазірдің өзінде барлық ауылдық аудандардың 18 шаруашылықтары ниет білдіріп отыр», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов. «Бұл бағдарлама мұқият есептелініп, баға жағдайына өзінің тікелей әсерін тигізеді», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Манап Көбенов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть