Павлодар облысында І жартыжылдықта 12 жоба іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында І жартыжылдықта 12 жоба іске қосылады

Павлодар облысында І жартыжылдықта 12 жоба іске қосылады

Павлодар облысында І жартыжылдықта үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша 12 жоба іске қосылады.

  • 29 Маусым 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

Жалпы сомасы 56,7 миллиард теңге инвестицияны қамтып отырған бұл жобалардың арқасында 533 жаңа жұмыс орны құрылуда, деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасынан.

Қазақстанның индустриялық картасына кіретін «Гофротара» зауытын қайта жаңғырту және оның қуатын арттыру жобасы аяқталды. Бұл жобаның құны 210 миллион теңгені шамалады. Кәсіпорын, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысушы ретінде өнімділігі жоғары заманауи жабдықтар алуға жеңілдікті несие алды.

Сондай-ақ Павлодарлық «Корунд» ЖШС-інде металл бұйымдар өндірісін қайта жаңғыртудың құны 177 миллион теңгелік жобасы жүзеге асырылды.

2011 жылы Павлодар облысында жалпы инвестиция көлемі 85,5 миллиард теңгенің 54 жобасын іске қосу, 1мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар