Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді

Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді

Павлодар. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мекеменің ішкі қауіпсіздік бөлімі «Павлодар-ЦТО» бекетінің бас маманына қатысты іс қозғады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану жөніндегі 307-ші бабының 2-тармағы бойынша айып тағылуда. Белгілі болғанындай, «33 жастағы кеден қызметінің капитаны тауарды рәсімдеген кезде сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыны ҚҚС төлеуден босатып, оған заңсыз салықтық жеңілдіктер берген», — деп хабарлайды департамент. Мемлекетке келген материалдық шығын көлемі 1 млн 843 мың теңгеге бағаланып, күдіктіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төнуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар