Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мекеменің ішкі қауіпсіздік бөлімі "Павлодар-ЦТО" бекетінің бас маманына қатысты іс қозғады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану жөніндегі 307-ші бабының 2-тармағы бойынша айып тағылуда. Белгілі болғанындай, "33 жастағы кеден қызметінің капитаны тауарды рәсімдеген кезде сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыны ҚҚС төлеуден босатып, оған заңсыз салықтық жеңілдіктер берген", - деп хабарлайды департамент. Мемлекетке келген материалдық шығын көлемі 1 млн 843 мың теңгеге бағаланып, күдіктіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төнуде.