Жарияланды: 340

Павлодар облысында кеденшілерді аттестаттаудың нәтижесінде 1 қызметкер жұмыстан шығарылуға ұсынылды

Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу аяқталды, деп хабарланды КБД-нің баспасөз қызметінен.

Тестілеуден КБД-нің 26 қызметкері өтті. Өңірлік аттестациялау комиссиясының шешімі бойынша 21 қызметкер қызметіне лайық емес деп танылды, 2-уі қызметін жоғарылату үшін кадрлық резервке алынуға, 1-уі қызметін төмендетуге, 1 қызметкер қызметіне лайық емес деп танылып, басқа қызметке ауыстырылуға, тағы бірі жұмыстан шығарылуға ұсынылды. КБД-де өткен аттестацияның барысын «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палата филиалының және БАҚ-тың өкілдері жіті қадағалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін