деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 159 шетелдік тартылды, олардың үшеуі — алыс шетелдерден. Сот шешімдерімен үш ТМД азаматы Қазақстан аумағынан шығарылып, төртеуі Павлодардың қабылдап-тарату мекемесіне қамалды.
Құжаттық-визалық ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік тәртіпте Қазақстанның 100 азаматы жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған екі кәсіпкердің әрқайсысы 20 АЕК айыпқа тартылды.
Көші-қон полициясының қызметкерлері ҚР жер аумағынан шығару туралы әкімшілік сот шешімін орындамаған Өзбекстан республикасының 28 жасар азаматы мен 43 жасар қырғыз азаматын ұстады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.