Павлодар облысында маусым айында инфляция 0,4 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында маусым айында инфляция 0,4 пайызды құрады

Павлодар облысында маусым айында инфляция 0,4 пайызды құрады

Павлодар облысында өткен маусым айында инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылатын тұтыну бағасының индексі 100,4 пайызды құрады,

  • 13 Шiлде 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Бағаның ең көп өсуі (1 пайыз) азық-түлік тауарларына тіркеліп отыр. Бұл топта сұйытылған газ бен дизель отынының бағасы 10,5 пайызға өссе, бензин 4,3 пайызға, цемент 3,4 пайызға қымбаттаған.

Ал азық-түлік тауарлары бағаларының индексі мамыр айының деңгейінде сақталған, тек қара құмық бағасы — 16, пайызға, тары — 13,1 пайызға, кондитер өнімдері 3,9 пайызға қымбаттаған. Есесіне жұмыртқа — 16,5 пайызға, көкөністер 5,8 пайызға арзандады.

Ақылы қызмет көрсетулер де 0,1 пайызға қымбаттап отыр. Атап айтқанда, жолақы тарифтері де өсті: трамвай жолақысы — 14,3 пайызға, пойыз жолақысы бағасы 3,9 пайызға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар