Жарияланды: 380

Павлодар облысында молаларды қорлаған 2 жылға сотталды

Павлодардың № 2 сотының шешімімен молаларды Т200 мыңға қорлап кеткен тұрғындары 2 жылға сотталды.

«Павлодар облысының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот екеуіне мүлкін тәркілеумен, жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеумен 2 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза белгіледі», - деп хабарлайды сот. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында екі қылмыскер зіл балғаның көмегімен Суворов зиратындағы шойын қоршауларды сындырған. Металды әкетпек болып жатқанда полицияның қолына түскен. «Шойын қоршаулар мен бағандардың жалпы құны Т190 мыңнан асады», -деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін