Павлодар облысында педофил әке туған қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында педофил әке туған қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген

Павлодар облысында педофил әке туған қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген

Павлодар облысында туған қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген педофил әке тұтқындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  • 24 Қараша 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық ІІД-нің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ресми сауалға Павлодар облыстық прокуратура жауап беріп, ақпарат ұсынды. Құзырлы мекеме ресми хабарламада Екібастұз қаласының тұрғыны жолдасының әрекетіне құқыққорғау органдарына шағым түсіргені туралы хабарлайды.

Қазіргі таңда тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарына қатысты өзге мәліметтер айтылмаған. Дереккөздеріміздің ақпаратына сүйенсек, күдікті азамат әйелі жұмыста болған кезде қызын бірнеше жыл бойы зорлаған.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жалғасын табуда. Айта кетейік, облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 10 айында 10 педофилге қатысты үкім шығарылған. Қылмыскерлер 15 жылдан 24 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.


Соңғы жаңалықтар