Павлодар облысында прокурордың орынбасары әйелінің орнына декретке шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында прокурордың орынбасары әйелінің орнына декретке шықты

Павлодар облысында прокурордың орынбасары әйелінің орнына декретке шықты

Ол енді үш жыл "үйде отырады".

  • 23 Қараша 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев әйелінің орнына декреттік демалысқа кетті. Прокуратураның баспасөз бөлімі хабарлағандай, Артықбаев бала күтіміне байланысты демалысқа 2017 жылдың 1 қазанынан бастап шыққан. Ол енді үш жыл "үйде отырады", деп хабарлайды Today.kz.

Қуат Артықбаев қызметінен өз еркімен босатылған. 

Ер адам жоғары лауазымына қарамастан, отбасындағы мансапты құп көрген. 

"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмысшыға бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанша беруге міндетті. Баланың дүниеге келгенін растайтын туу туралы куәлікті немесе басқа құжатты көрсеткен баланың әкесі не анасы ата-ананың таңдауына қарай демалысқа шығады", — делінген баспасөз хабарламасында. 

Қуат Артықбаев бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 21 наурызына дейін жұмысқа шықпайды. 


Декреттік демалысқа бұдан бұрын да әйелінің орнына ер адамдар шығып жүрген. 

Соңғы жаңалықтар