Павлодар облысында қарулы қашқын қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қарулы қашқын қолға түсті

Павлодар облысында қарулы қашқын қолға түсті

Бүгін, 23-наурызда Павлодардағы 6679 әскери бөлімшені өз бетімен тастап шыққан қарулы қашқын Павлодар-Успенка тас жолының 35-ші шақырымында қолға түсті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2004
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қашқын Барнаул қаласына бет түзеген жеңіл автокөлікте отырған. Полициядағы ақпарат көзінің алдын-ала мәліметіне сәйкес, бөлімшеден қашқан қатардағы жауынгер автокөлік жүргізушісіне қару кезеніп қорқытса керек.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, Ақмола облысынан әскер қатарына шақырылған 18 жастағы И.Приходько ИТК-18 түзеу мекемесінде күзетте тұрған жерінен бүгін таңертеңгі 5 сағат 45 минутта қызмет орнын тастап қашып кеткен. Ол өзімен бірге Калашников автоматы мен 50 оқты екі оқшантайын ала кеткен.
Облыс көлемінде қашқынды ұстау үшін ІІБ-ның желісі бойынша «Сирена» операциясы жарияланды.
Қашқын қазір Павлодар ІІБ-ның тергеу бөліміне жеткізілді. Әзірге қатардағы жауынгерді қашуға мәжбүрлеген нақты себеп беймәлім. Сонымен бірге, қашқынның қаруды пайдаланған, пайдаланбағаны да белгісіз күйінде қалып отыр. Әскерилер бұл оқиға туралы бүгін түстен кейін түсініктеме беруге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар