«Қазіргі уақытта барлық қызметкерлерге Кеден одағының ішкі шекараларында орналасқан департаменттердің штаттық санын қысқарту туралы ескертулер берілді, оларға сыртқы шекарадан қызмет ұсынылды. Бүгінгі күні біздің 42 қызметкеріміз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің және «Достық» кеденінің қарамағына ауыстырылды», — деп хабарлады В. Нығматуллина жұма күні ҚазТАГ тілшісіне.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК шекара қызметінің бастамасы бойынша, қызметтік-иісшіл иттермен бірге және рентген жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі бар қызметкерлер ҚР ҰҚК шекара қызметіне ауыса алады.
«Кеден органдарының лауазымды тұлғалары ауысу тәртібімен басқа мемлекеттік органдарға жұмысқа тұра алады», — деді В. Нығматуллина.
Оның мәліметтеріне сәйкес, ішкі кеден бекеттерінде штаттық құрамды кеңейту есебінен тағы 20 бос орын пайда болды.
«1 шілдеде бос орындарды есептегенде, республиканың басқа аймақтарында қызмет етуден бас тартқан 30-дан аса адамның 15 шақтысы қысқартуға ұшырайды. Қысқарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес штатты қысқарту бойынша өтемақы төлеумен жүзеге асырылады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
КБД мәліметтеріне сәйкес, 1 шілдеге дейін Павлодар облысында қазақстан-ресей шекарасында штаттық саны 86 бірлік болған 5 шекаралық кеден бекеті орналасқан. Аймақта кеден қызметінің 93 қызметі қысқаруға ұшырайды.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің арасындағы кедендік кедергілер жойылады.