Павлодар сарапшыларының айтуынша, өткен жылдың аяғында басталған қаржы дағдарысына байланысты аумақта құрылыс саласында жұмыс істеп жатқан көптеген кәсіпорындардың көлемдері төмендеді.
«Енді соңғы айларда керісінше процесс байқалуда», — дейді мамандар. Облыстық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша, шағын мердігерлік нысандарға қызмет көрсетіп отырған шағын құрылыс ұйымдарының белсенділігі көзге көрінуде.
Ведомствоның мәліметінше, 2008 жылдың 1 сәуірінде олардың үлесіне барлық мердігерлік жұмыстардың 37% тиесілі болды.
«Өткен 2007 жылмен салыстырғанда шағын мердігерлік ұйымдар жасаған жұмыс көлемі 11,9% өсіп, 1408,9 млн теңгені құрады. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында олардың жалпы көлемдегі көрсеткіші 97,8 % құрады», -деп атап өтті статистикалық басқармасында. Облыстық көлемдегі үлес салмағының ең үлкен бөлігін жеке меншік мердігерлік ұйымдары атқарған.Олардың 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көлемі 97,8 пайызды құрады.
Жаңа нысандар құрылысы, жөндеу жұмыстары, кеңейту және техникалық жаңарту жұмыстары бөлігінде шағын құрылыс компаниялардың үлесі 61,9 пайызға жетті. Жалпы көлемнің 23,6 % күрделі жөндеу жұмыстарына, 10,3% ағымдағы жөндеу жұмыстарына және 4,2% басқа жұмыстарға тиесілі.
Статистикалық басқармасының деректері бойынша, негізгі жұмыстар көлемін Павлодардың (76,4%) құрылыс ұйымдары атқарған. Өткен жылдағы көрсеткіштерімен сәйкестендіргенде ұлғайған көлем жұмыстары Екібастұзда (1,3есе) және Көшір ауданында (1,7 есе)тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті