Павлодар облысында "құс тұмауы" деген диагноз расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында "құс тұмауы" деген диагноз расталды

Павлодар облысында "құс тұмауы" деген диагноз расталды

Павлодар облысында үй құстарының жаппай қырылуына себепкер болған "құс тұмауы" деген диагноз расталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары Игорь Филонов хабарлады.

  • 8 Тамыз 2005
  • 1042
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысы Ертіс ауданындағы «НАН» шаруа қожалығында қырылып қалған қаздарға жүргізілген тексеру нәтижесінде А1 түріне жататын құс тұмауының жоғары патогенді вирусына қарсы антителолар табылды. Зерттеулерді ауылшаруашылығы министрлігінің ұлттық мониторинг орталығы жүргізген, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар облысы Ертіс ауданындағы «НАН» шаруа қожалығында 800-дей қаз-үйректер қырылып қалса, Лебяжы ауданы Тақыр ауылындағы бір жеке қорадағы тауықтар қырылған болатын. Соңғысынан Павлодар облыстық мал дәрігерлік зертханасының мамандары зарарлы материалдарды зерттеуге алған. Шаруашылық қожайынының өз денсаулығына да тексерулер жүргізілді.
Жоғарыда аталған екі жағдайда да табиғи су қоймаларында жабайы құстардан дерт жұқтыру құстардың қырылуына алып келді деген жорамал бар.
Осыған байланысты құстардың бұдан әрі қырылуына жол бермеу үшін облыс бойынша 398 табиғи су қоймаларында зерттеулер жүргізіле бастады. Тексерулерді жүзеге асыратын 13 жылжымалы топ құрылды.
Павлодар облыстық әкімшілігінің мәліметі бойынша, өңірде құс тұмауының таралуына жол бермеу жөніндегі арнаулы штаб құрылды. Өйткені, бұл өңір құс тұмауы белең алған Ресейдің Алтай аймағы, Новосибирск және Тюмень облыстарына өте жақын орналасқан.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ертіс ауданында эпидемиологиялық бригадарлардың қатысуымен арнаулы шаралар іске асырылды. Бұл шаралар аясында құс шаруашылықтарының мамандары мен мал дәрігерлік мамандарды медициналық бақылауға алу, ауырған құстың көзін жою, құс шаруашылықтарының аумағын бес мәрте дезинфекциялық өңдеуден өткізу, қора-жайларды аралау, санитарлық ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылды. Облыстың барлық аудандарында тыныс жолының дертіне шалдыққандар дәрігердің бақылуына алынды.
Сонымен бірге қалыптасқан ахуалға байланысты облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы базарлар, азық-түлік өнеркәсібі нысандары, сауда желілері мен қоғамдық тамақтандыру орындарындағы санитарлық-гигиеналық бақылау күшейтілді. Облыс және ауданаралық байланыс қатаң бақылауға алынды. Облыстың барлық кеден бекеттерінде автокөліктер жаппай міндетті түрде дезинфекциялық өңдеуден өтуде. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін биыл аң аулау маусымы жарияланбайтын болды.

Перейти к новостям спорта