Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-тамызда шаруашылық жұмыстармен айналысып жүрген И.Бабичук есімді тұтқын абақтыдан қашып кеткен болатын. Қашқын 6 сағаттан кейін қолға түсті. И.Бабичук ҚР Қылмыстық кодексінің «денсаулыққа ауыр зақым келтіру» жөніндегі 103 -бабы, 2-мармағы бойынша сотталып, төрт жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Ол жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтеп жүрген.
Министрлікте өткен кеңесте ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Нұғманов Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитеті мен АП 162/1 мекемесінің жұмысына қатаң сын айтты. Тексерулер нәтижесінде басшылық тарапынан өрескел кемшіліктер жіберілгені, соның ішінде тергеу абақтыларының іс-қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың талабы орындалмай келгені анықталды. Сонымен бірге АП 162/1 мекемесіндегі бақылаушылардың өздеріне жүктелген қызметті атқару тәртіптерін бұзу деректерінің беті ашылды.
С.Нұғманов тұтқыннның қамаудан қашуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды жою, тұтқындарды күзету және жалпы режимді күшейтуге нақты шаралар қолдануды міндеттеді.