Павлодар облысында қызылша мен тұмаудың белең алуына байланысты 15 мектеп карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қызылша мен тұмаудың белең алуына байланысты 15 мектеп карантинге жабылды

Павлодар облысында қызылша мен тұмаудың белең алуына байланысты 15 мектеп карантинге жабылды

Павлодар облысында қызылша мен тұмаудың белең алуына байланысты 15 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасынан хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 518
Фото - Caravan.kz

Аталмыш дерт түрлерінің көрсеткіші шектеулі шамадан асып жығылуға байланысты санитарлық дәрігерлер эпидемия ретінде тіркеу қажет деп ресми түрде мәлімдеп отыр. 28-қаңтар күнгі жағдаймен облыста тыныс жолының күрделі қабынуы дерті 24490 мәрте, соның ішінде тұмау 3959 мәрте тіркелді. «Тұмау» деген диагнозбен ауруханаларға 684 адам жатқызылса, олардың 62 проценті — балалар»,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының жұқпалы ауруларды қадағалау бөлімі.

Ал қызылша дерті облыстың 261 тұрғынынан анықталды. «Бұл сан да белгіленген эпидемиологиялық шектеулі көрсеткіштен жоғары»,- дейді басқармадағылар. Қызылша дертінің белең алуына байланысты өңірде студент-түлектер мен жұмысшы жастарды жаппай егу шаралары жүргізілуде.
«Қазіргі жағдаймен қызылшаға қарсы вакцина 4 мыңдай адамға егілді»,- деді дәрігерлер. 2005-жылы жалпы алғанда Павлодар облысында 15-25 жас аралығындағы 80 мың жасқа вакцина егіледі.

Перейти к новостям спорта