Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ж.Нұрғалиев 110 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, қазіргі сенат депутаты Сағындық Есімханов 86 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Павлодар облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 205 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 200 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 4 бюллетень жарамсыз деп танылды.